RU

Коронавирус жұқтырған Зеленскийдің жұбайы ауруханаға жатқызылды

Коронавирус инфекциясына шалдыққан Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена екіжақты пневмониямен ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. Мемлекет басшысы мен балалары тапсырған кезекті ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/olenazelenska_official
Фото: instagram.com/olenazelenska_official: Instagram

Бұған дейін Зеленский жоспарланған кездесулерін шектеген болатын. Әйелінен коронавирус анықталғанына байланысты ол ішінара карантин режиміне көшкен.

"Украина президентінің жұбайы Елена Зеленская Киев ауруханасына жатқызылды. Белгілі болғандай, өткен аптада ПТР-тестілеуден өткеннен кейін елдің бірінші ханымында коронавирус анықталған. Қазір оның диагнозы – COVID-19. Қосымша оттегін қажет етпейді, жағдайы тұрақты", – делінген Украина президенті кеңсесі баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми парақшасында.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 12 маусымда Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, оң нәтиже алған болатын.

Украинаның бірінші ханымы коронавирусты қалай және қандай жағдайда жұқтырып алғаны белгісіз. Президент кеңсесі баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми парақшасы аталған мәселені анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860617-koronavirus-zktyrgan-zelenskijdi-zbajy-auruhanaga-zatkyzyldy/