RU

Елорда аспанындағы таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды

Ақорда үстінде найзағайдың жарқылдаған сәті камераға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Facebook

Түнгі астананың аспанында жарқ еткен найзағайды Абай Сарқұлов есімді желі қолданушысы видеоға түсіріп үлгерген.

"Найзағай ойнаған сәтін түсіріп алдым! Құдіретті жаратқан Ием", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Желі қолданушылары таңғажайып табиғи құбылысты қызықтап, өз парақшаларында бөлісіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басқанын хабарлағанбыз.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Нұр-Сұлтанда жаңбыр ұзағынан жауды. Нәтижесінде қала су астында қалды. Әкімдік ауа райының салдарымен қалай күресіп жатқандары туралы айтып берді.

Елорда көшелерінің көрінісін әлеуметтік желі қолданушылары бірінен соң бірі жарыса жариялап жатты. Желідегі видеолардан Нұр-Сұлтандағы жолдардың жаңбыр суы астында қалғанын байқауға болады. Сол жағалаудың да, оң жағалауды да көшелерін су басқан.

Алайда астана тұрғындары үшін бұл жағдай таңсық емес.

"Әдемі көрініс. Көліктер қайықша жүзіп жүр", "Жыл сайын сол баяғы жағдай қайталанады, елордада қалайша орталықтандырылған суағар жоғын түсінбей дал болдым", "Қала бір реттік жауынға шыдамайды, жеткен жеріміз осы", "Кәдімгі Венеция", "Бір сағат жаңбыр жауып еді, қала Венецияға айналды", "кешегі жауын-шашыннан кейін қала көшелері тағы су астында қалды. Теңізге барудың да қажеті жоқ", – деп жазды желіде елордалықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860674-elorda-aspanyndagy-tagazajyp-kbylys-videoga-tsip-kaldy/