RU

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Денсаулық сақтау вице-министрі коронавирус эпидемиясына байланысты еліміздің стационарларында науқастарды жайғастыру мәселесіне тоқталып өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Министрдің орынбасары Ляззат Ақтаеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жұқпалы ауруларға арналған төсек-жайлардың толуы орта есеппен 68 пайызды құрап отыр.

Әсіресе, науқастырдың толуы Павлодар, Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

Бұдан бөлек, еліміздің жансақтау бөлімдеріндегі төсек-жайлардың үштен бірі толған – онда 119 науқас жатыр.

Жансақтау бөлімдерінің едәуір бөлігі Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Атырау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында толған.

Сондай-ақ қазақстандықтар соңғы кездері жедел жәрдемге жиі жүгіне бастаған. Өткен жылмен, тіпті, өткен аптамен салыстырғанда – жедел жәрдемнің көмегіне жүгіну көрсеткішінде өсім байқалады.

Әсіресе, бұл көрсеткіш Нұр-Сұлтанда едәуір артқан. Егер бұрын елордалықтар жедел жәрдемге күніне 1000 қоңырау шалса, бүгінде қоңыраулар саны 2000-2500-ге жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860685-kazakstanda-koronaviruska-saldykkan-119-naukas-zansaktau-bliminde-zatyr/