Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік жедел жәрдем шақыратын науқастар саны күрт артқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Қазақстанда өткен жылдың қазіргі кезеңімен салыстырғанда жедел жәрдем қызметін шақыратындар саны көбейген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ақтаев бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі "Министрлік хабарлайды" онлайн эфирінде мәлімдеген.

"Жедел жәрдем шақыру көбейді. Біз мониторинг жүргізіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен, өткен апталармен салыстырдық, қалалар мен өңірлерде жедел жәрдем шақыратындар саны артқан", - деді ол.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейін тәулігіне 1000-ға жуық қоңырау түссе, қазіргі кезде тәулігіне 2,5 мыңға жетеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы министрдің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын", - деді ол өз жазбасында.

Кейін денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860690-ministrlik-zedel-zrdem-sakyratyn-naukastar-sany-krt-artkanyn-mlimdedi/

pixel