RU

Атырау облысының экс-әкімі Рысқалиевтен тәркіленген мүліктер өзіне қайтарылады

Шетелде жасырынып жүрген Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтен тәркіленген мүліктер өзіне қайтарылады. Бұл ақпаратты Жоғарғы сот растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz
Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz: Facebook

Бүгін Бас прокуратураның кассациялық шағымын қараған Жоғарғы сот осындай шешім қабылдады. Осылайша, бұған дейін тәркіленген мүліктер Атырау облысының бұрынғы әкіміне қайтарылады.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нүрпейісов ОКҚ-да өткен брифинг барысында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасына қатысты қылмыстық істің мән-жайымен бөліскен еді.

Жалпы 71 эпизод құжаттандырылып, дәлелденді. 72 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Бас прокуратураның мәліметінше, сот шешімімен 185 нысан тәркіленді. Соның ішінде, 50 пәтер, 44 жер телімі және банк есепшоттарындағы ақшалар.

Қазіргі таңда мемлекетке 44 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал өтелді. Аталған қылмыстық қауымдастықтың қаражатын іздеу және тұтқындау шаралары жүргізілуде.
Шетелде 13 млн доллар қаражат тұтқындалды. Оларды тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп атап өтті Сапарбек Нүрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860696-atyrau-oblysyny-eks-kimi-ryskalievten-trkilengen-mlikter-zine-kajtarylady/