RU

Селфи жасау үшін бөгет басына шыққан алматылық жігіт 50 метрден құлады

Алматы қаласында бөгеттің басына шығып суретке түсуді жоспарлаған жігіт 50 метр биіктіктен құлаған. Абырой болғанда ол темірге ілініп аман қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы, pixabay.com
Видеодан кадр/КТК телеарнасы, pixabay.com: Instagram

Келеңсіз жағдай Үлкен Алматы шатқалында орын алған. Темір баспалдақпен 50 метрлік бөгетке шыққан жігіт, сонда тұрып селфи жасағаны белгілі болды. Алайда ол тепе-теңдікті сақтай алмай төменге қарай құлаған. Абырой болғанда жерге жетпей, орта жолдағы темірлердің біріне ілініп аман қалды.

Оның айқайын сол маңнан түнде өтіп бара жатқан саяхатшылардың бірі естіп, құтқарушыларды шақырған. Осылайша бөгеттен күндіз құлаған жігіт түнгі онда бір-ақ шешіліп алынды.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, темірдің арқасында тірі қалған жігіттің тек тобығы тілініп, екі башпайы сынған. 

"Селфиге түсімен деп апатты жағдай орнады. Құлаған биіктігі 25 метр. Темірден түсіріліп, альпинистік құрал-жабдықтармен шұғыл шығарылды. Қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық", - деді Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушысы Ақжол Алпысбаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық арудың Түркияда жардан құлап, мерт болғанын жазған болатынбыз. Кейінірек оның биікке суретке түсу үшін шыққаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860716-selfi-zasau-sin-bgetti-basyna-sykkan-almatylyk-50-metrden-klap-ketti/