Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өздігінен қозғалған жаттығу құралы желі қолданушыларын шошытты

Опубликовано:

Желіде интернет қолданушылардың үрейін ұшырған видео белсенді таралуда. Кадрдан бірнеше полиция қызметкерінің өздігінен қозғалып жатқан жаттықтырғышқа қарап тұрғанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Өздігінен қозғалған жаттықтырғыш желі қолданушыларын шошытты
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желі қолданушыларының бірі видеодан денелерінің тітіркенгенін жазса, енді бірі елестерге де спортпен шұғылдану керек екенін жазып, әзілдеп алды.

Видео желіде лезде тарап, қоғам арасында біраз шу шығарды. Сол себепті оқиға болған Үндістанның Джханси қаласының полициясы бейнероликке түсініктеме берді деп жазады The Times of India.

Құқық қорғау органдары Twitter-де видеода ешқандай тылсым күштің жоқ екенін, жаттықтырғыштың жай ғана істен шыққанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әткеншек тепкен елестің жұрттың үрейін ұшырғаны туралы жазған едік.

Чилидің Сантьяго қаласының тұрғыны Патрицио Аранцибиа Толоза тұрғын үйлердің бірінде күзетші болып қызмет атқарады.

Өзінің кезекшілігі кезінде далада тұрған бейнекамералардан өз-өздігінен қозғалған әткеншекті көріп, зәресі қашқан.

Күзетші Патрицио кадрдан әткеншектердің теңселіп тұрғанын, ал кейін мүлде бар күшімен тербелгенін көрген.

Ал екінші әткеншек бұл уақытта мүлде қозғалыссыз тұрған. Сол себепті мұны желдің салдарынан орын алған жайт деп қарастыруға келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860750-zdiginen-kozgalgan-zattygu-kraly-zeli-koldanusylaryn-sosytty/

pixel