RU

Мәжіліс депутаты карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынды

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова премьер-министр Асқар Маминге өтінішпен жүгінді. Ол Қазақстандағы карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: The Asahi Shimbun / Contributor / Getty Images
Фото: The Asahi Shimbun / Contributor / Getty Images: Getty Images

Ол бірнеше облыста карантин шектеулерін алып тастағаннан кейін жұқтыру мен коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт көбейгенін мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, ауруханаға жатқызбау, провизорлық орталықтарда адамдардың көптігінен процедуралардың орындалмауы, медициналық қызметкерлерге қорғану құралдарының жетпеуі туралы шағым түсіп жатыр

"Шағымдардың көбісі құны 15 мың теңге болса да, коронавирусты анықтайтын тестінің жетіспеушілігінен түсуде. Оның үстіне көптеген азамат табыссыз 3 ай күн көріп жатыр. Елордада тест тапсыру үшін екі күн бұрын кезекке тұру керек. Нәтижесі де уақтылы шықпайды. Кезек туралы Алматы, Шымкент, Павлодар, ШҚО, Түркістаннан да хабарламалар келіп жатыр", - деп түсіндірді Қазбекова.

Халық қалаулысы үкімет басшысы Асқар Маминге бірқатар ұсыныстар айтып, алыс жатқан ауылдарға тест жасау үшін пойыз жіберу керектігіне тоқталды.

  • Сонымен қатар ол қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейге көтеру керектігін жеткізді.
"Бұндай жағдайда қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын тұрғындардың жауапкершілігі де аурудың таралуына алып келіп соқты. Біз қауіпті аймақтарда карантин шараларын күшейтуді қолдаймыз", - деді мәжіліс депутаты.

Cоңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 15542-ке жетті. Олардың 9647-сі дертті жеңіп, ауруханадан шықса, 88 науқас көз жұмды.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860784-deputat-karantin-saralaryn-lttyk-degejde-engizudi-syndy/