RU

ДДСҰ коронавирусты емдеуде "ғылыми серпіліске" қол жеткізілгенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты емдеуге дексаметазон стероидін қолдану бойынша клиникалық сынақтардың нәтижелерін "ғылыми серпіліс" деп атады. Бұл туралы ұйымның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

РИА Новостидің мәліметінше, дексаметазон стероидін сынақтан өткізу жұмыстары Ұлыбританиядағы Оксфордта жүргізілді. Елдің үкіметі аталған препаратты коронавирус инфекциясын емдеуге қолдануды мақұлдап отыр.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қабынуға қарсы препарат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастардың өлім қаупін 35 пайызға, ал оттегімен жасанды жолмен алатын науқастар арасындағы өлім қаупін 20 пайызға төмендетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бұл нәтижелерді "ғылыми серпіліс" деп атады.

Аталған препататтың бағасы шамамен 5 фунт стерлигті (шамамен 2500 теңге) құрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы ресейлік препараттардың алғашқы легі ауруханаларға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Маусым айында ресейлік ауруханаларға 60 мың "Авифавир" препараты жеткізілмек. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектің өндіріс көлемін екі есе арттыру көзделуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860809-dds-koronavirusty-emdeude-gylymi-serpiliske-kol-zetkizilgenin-mlimdedi/