Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гондурас президенті коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Гондурас президенті Хуан Орландо Эрнандес HCH телеарнасының эфирінде жұбайы екеуінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хуан Орландо Эрнандес. Фото: ejpress.org
Хуан Орландо Эрнандес. Фото: ejpress.org: Facebook
"Президент және жауапкершілігі бар азамат ретінде демалыс күндері өзімді жайсыз сезіне бастағанымды, ал бүгін менен COVID-19 инфекциясы анықталғанын хабарлағым келеді", – дейді Гондурас президенті.

Ол сондай-ақ өз міндеттерін қашықтықтан атқарып, оқшаулану режимін сақтайтынын атап өтті.

Эрнандес жұбайының тапсырған тест сынамасы да оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясына анықталған Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена екіжақты пневмониямен ауруханаға жатқызылғанын хабарлағанбыз.

Ал Владимир Зеленский мен балалары тапсырған кезекті ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен.

Бұған дейін Украина президенті жоспарланған кездесулерін шектеген болатын. Әйелінен коронавирус анықталғанына байланысты ол ішінара карантин режиміне көшкен.

Украинаның бірінші ханымы коронавирусты қалай және қандай жағдайда жұқтырып алғаны белгісіз. Бұл мәселені анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізілетіні айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860820-gonduras-prezidenti-koronavirus-zktyrdy/

pixel