Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір өңірде карантиндік шаралар күшейтілді

Опубликовано:

Aтырауда және облыста эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, қосымша шектеулер енгізілді. Тиісті қаулыға облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы бір аймақта карантиндік режим күшейтілді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Рricom.kz басылымының мәліметінше, құжатта бұл шаралардың коронавирустың таралуы бойынша жағдай тұрақталғанша жалғасатыны жазылған.

Қазір тұрғындар мен көліктердің қозғалысына 23:00-ден таңғы 6-ға дейін тыйым салынған. Айта кету керек, бұл тыйымның шұғыл қызмет пен стратегиялық нысан қызметкерлеріне қатысы жоқ.

Үйден тек маскада және 1,5-2 метр қашықтықты сақтау шартымен ғана шығуға болады.

Ертеңнен бастап мемлекеттік қызметкерлердің 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары да негізінен онлайн қызмет көрсету қажет.

Мүмкін болмаған жағдайда, адамдар 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қабылдайды.

Базарлар 10:00-ден 17:00-ге дейін, дүкендер мен супермаркеттер 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал тамақтану орталықтарына 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Сондай-ақ, ғимарат ішінде адам саны 30-дан аспауы керек. Үстелдер арасындағы арақашықтық кемінде 2 метр болуы тиіс және үстелде ең көп дегенде төрт адам отыра алады.

Сауда орталықтарына 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Шаштараздар алдын-ала жазылу бойынша келушілерді 10:00-ден 19:00-ге дейін қабылдай алады.

10 адамнан тұратын үйірмелер 9:00-ден 16:00-ге дейін, фитнес-орталықтары 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мерекелік шараларға, банкеттерге, құдайы тамақтарға тыйым салынған. Саябақтар мен алаңдарға да баруға болмайды. Балабақша мен лагерьлер, кинотеатрлар мен компьютерлік клубтар да жұмыс істемейді.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавируспен ауырған 1341 адам тіркелген. Олардың 1000-ы жазылып шыққан. Үш адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860847-kazakstanda-tagy-bir-ajmakta-karantindik-rezim-ksejtildi/

pixel