Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте коронавирус жұқтырған науқастарды ерте анықтау мақсатында іс-шара өтті

Опубликовано:

“Халқымыз біздің-байлығымыз”. Шымкентте осындай атаумен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды ерте анықтау мақсатында іс-шара өтті. Игі іс-шара аясында білікті дәрігерлерден құралған бригада қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтап және тиісті жеке қорғану құралдарын пайдаланып, қаланың шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізді. 

Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Getty Images

Арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында елді мекендерде табыла бермейтін дәрігерлер де бар. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог , онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетті. 

Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Instagram

Сондай-ақ, шара аясында мамандар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы барып, коронавирус инфекциясы турасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, инфекциядан қорғану жолдары туралы кеңес берді.

Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Getty Images

Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Getty Images

Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860888-symkentte-koronavirus-zktyrgan-naukastardy-erte-anyktau-maksatynda-is-sara-tti/

pixel