Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гарант-24", "Выгодный Займ" және "Estate Lombard" ісі: Іздеуде жүрген тағы бір күдікті ұсталды

Опубликовано:

"Гарант-24", "Выгодный Займ" және "Estate Lombard" қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандардың бірі Мәскеу қаласында ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұған дейін 29 жастағы Сергей Фроловқа халықаралық іздеу салынған болатын.

"Күдікті Фролов Гарант 24, Естейт Ломбард, Выгодный займ қаржы пирамидасына қатысты салушылардың ақшаларын ұрлағаны үшін халықаралық іздеуде болды. Қылмыстық іс тергеу жедел тобымен Ақтөбе қаласында тергелуде. Іс бойынша 20 миллиардтан астам зиян келтіріліп, 15 мың жәбірленуші анықталды", - дейді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін "ESTATE Ломбард" құрылтайшысы Қырғызстанда, "Гарант 24" ломбардының иесі Кишиневте, "Выгодный займ" компаниясының құрылтайшысы Ақтөбеде ұсталғаны хабарланған.

Сонымен қатар Алматы қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Сондай-ақ "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалған болатын.

Бұдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторинг жасайтын мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізіп, заңсыз ломбардтар ісі бойынша кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860923-garant-24-vygodnyj-zajm-zne-estate-lombard-isi-tagy-bir-izdeude-zrgen-kdikti-staldy/

pixel