Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық келіншек несиесін жабу үшін сәбиін басқа біреуге беріп жіберген

Опубликовано:

Маңғыстау облысының тұрғыны банктегі қарыздарын жабу үшін туған сәбиін бейтаныс келіншекке берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ресми Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда келіншек несиені жабу үшін нәрестесін басқа біреуге беріп жіберді
Көрнеуі фото: pixabay.com: UGC

Анықталғандай, өңір тұрғыны полицияға өзі шағымданып, баланы қайтара алмай жүргенін айтыпты. Десе де, ол баласын бөтен адамға өз қолымен табыстаған.

Келіншек баланы асырап алған әйел оның екі банктегі несиесін жауып беруге уәде бергені үшін осындай қадамға барыпты.

Әйелдің қарызы 900 мың теңгеден асқан. Алайда, келіншек баланы табыстағаннан кейін оның "жаңа анасы" уәдесінен тайған.

Енді сәбидің туған және асырап алған анасына қатысты адам саудалау бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Екі әйел де ешқайда шықпау туралы хаттама толтырды.

Айта кету керек, маусым айының ортасында еліміздің түрлі өңірлерінің полицейлері адам саудасына қатысты 50-ге жуық қылмысты әшкерелерді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ананы іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.

Тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, баланың жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861039-magystaulyk-kelinsek-nesiesin-zabu-sin-sbiin-baska-bireuge-berip-zibergen/

pixel