Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға блок-посттардың қайта қойылатыны рас па

Опубликовано:

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада блок-посттар қайта қойыла ма деген көпшіліктің сұрағына онлайн брифинг барысында жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Жоқ. Қала сыртында блок-посттар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп шыға алады", - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитар қаладағы ахуалды жіті бақылап отырғанын жеткізді.

"Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады", - деді ол.

Бекшиннің сөзінше, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5 пайыз болып тұр.

Қала билігі осы көрсеткішті 1 пайызға дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр.

"Алайда барлық қауіп - симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр. Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін", - деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861083-almatyga-blok-posttardy-kajta-kojylatyny-ras-pa/

pixel