Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Көк базар бір айға жабылды

Опубликовано:

Көк базар сот шешімімен бір айға жабылды. Бұл туралы бүгін бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Көк базар бір айға жабылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бекшин жұмыс орындарында науқастардың анықталуына байланысты Алматыда вирус жұқтырғандардың саны артқанын мәлімдеді.

Ол өз еркімен екі аптаға жабылған "Рахат" фабрикасын мысал ретінде келтірді.

"Сондай-ақ, сот шешімі бойынша бір айға жабылған және эпидемиологиялық қызметтің талаптарын орындамағаны үшін айыппұл төлейтін "Көк базарды" мысалға келтіруге болады", - деді Бекшин.

Еске сала кетейік, бұған дейін қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты Алматыдағы Көк базардың жабылғанын хабарлағанбыз.

Базардың жұмысының тоқтауына базар әкімшілігінен коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуі себеп болған. Бұл жағдайды анықтап жатқанда тағы 19 адамнан коронавирус табылған. Олар да әкімшілік қатарынан шыққан. Сатушылар арасынан инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Сонымен қатар осыған дейін мониторингтік топтардың тексеруі барысында Көк базар аумағында жұмысшылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрияның сақталмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және келушілер арасында қашықтық сақтау үшін арнайы белгілердің белгіленбеуі, жеке қорғаныс құралдарын жөнсіз қолдану және пайдалану, тиісті жұмыс режимінің орындалмауы сынды тәртіпбұзушылықтар анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861098-almatydagy-kk-bazar-bir-ajga-zabyldy/

pixel