RU

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Елімізде коронавирустан 5 адам қайтыс болды. Осылайша, Қазақстан бойынша көз жұмғандардың саны 105 адамға жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC
Нұр-Сұлтанда 1988 жылы туған ер адам, Қарағанды облысында 1956 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында 1962 және 1965 жылдары дүниеге келген ер адамдар, Ақмола облысында 1980 жылы туған ер азамат коронавирустан көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кету керек, Қазақстандағы COVID-19-дан ең көп өлім Нұр-Сұлтанда тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, елордада қайтыс болғандар саны 25 адамға жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде вирус жұқтырған 54 науқастың өзге ауру салдарынан қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, бұған дейін оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде Алматыдағы шектеу шаралары туралы сөз қозғап, қаладағы ауруханалардағы төсек орындарының 95%-ға толып қалғанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, айта кету керек, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861115-koronavirustan-5-adam-kz-zmdy/