jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Аман Тасыған коронавирус жұқтырған науқастар жатқан ауруханада болып қайтты (видео)

: Instagram

Отандық танымал журналист Аман Тасыған елордадағы коронавирус жұқтырған науқастар жатқан ауруханаға барып қайтты. Ақпарат өкілі COVID-19 инфекциясымен күресіп жатқандардың қандай ем қабылдап жатқанын өз көзімен көрді. Ол өз басын қауіпке тігіп, күні-түні тынбай жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалады деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аман Тасыған 11 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан сұхбат алып, одан коронавирус жұқтырғандар жатқан аурухананы көрсетуін сұраған. Министрлік басшысы өзі берген уәдесінде тұрып, ертесіне оны COVID-19 науқастарына арналған емханаға кіргізді.

Алайда, онда кірмес бұрын журналист арнайы киім киіп, бетін толығымен тұмшалауға міндетті болған. Барлық сақтық шараларын қолданғаннан кейін ол аурухананы аралауын бастады.

Аман Тасыған алдымен жансақтау бөліміне кіріп, ондағы науқастардың жағдайын көріп шықты. Журналист коронавирус инфекциясы салдарынан ауыр күйге тап болған азаматтардың шынымен қатты қиналып жатқанына көзі жетті.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Одан кейін ақпарат өкілі жай палаталарды да аралап, тіпті науқастардың бірімен тілдесіп үлгерді. Аурухананың тыныс-тіршілігін өз көзімен көрмейінше вирусқа қатысты екі ойлы болған журналист сөзін қайтып алды. Ол жантүршігерлік көрініске өзі куә болғанан кейін коронавируске енді толығымен сенетін болғанын айтты.

"Оң жағыңа да, сол жағыңа да қарасаң өмір мен өлімнің арасында, үміт пен үрейдің арасында жатқан науқастар. Осыған дейін бұл вирусқа сеніңкіремей, екі ойлы болғандар қатарында едім. Енді бәрін өз көзіммен көрдім" , - деді ол.

Аман Тасығанның COVID-19 жұқтырғандар жатқан аурухананы аралап жүрген сәтін 1:05:00 минутынан бастап көре аласыздар.

Аман Тасыған коронавирус жұқтырған науқастар жатқан ауруханада болып қайтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.