RU

Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты
Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ: UGC

Қазір өңір әкімі кесте бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

"Жұма, 19 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирус инфекцияның диагностикалау хаттамасына сәйкес, 7 күндік мерзім өткеннен кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.
COVID-19-ға қайталанып алынған ПТР-зерттеу нәтижелері екі рет теріс нәтиже көрсетті", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Жамбыл облысына барған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталған соң өңір әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен еді.

Жалпы Біртановтың COVID-19 жұқтырғаны расталған соң министрмен байланыста болған бірқатар әріптестері өз-өзін оқшаулауға көшті.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі басшысымен Жамбыл облысына бірге барған үкімет басшысы Асқар Мамин өз-өзін оқшаулаған болатын.

Дәл осы өңірге келген үкімет делегациясы қатарында болған Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев та өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Ал бүгін аталған лауазымды тұлғалардың барлығы короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861306-berdibek-saparbaev-zin-zi-oksaulau-reziminen-sykty/