RU

Алдымен хат жіберген Путин Назарбаевпен енді телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Назарбаев
Фото архивтен: Ақорда: Depositphotos

Әңгіме барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп, вирусты жеңуін және тезірек сауығып кетуін тіледі.

Елбасы Ресей Федерациясының президентіне алдаңдаушылық танытып, жылы лебіздерін жолдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді және Ресей халқын келесі аптада Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге орай өтетін салтанатты іс-шаралармен құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы 18 маусым күні белгілі болды.

Ақпарат жария болғаннан кейін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты пікір білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар, Ресей Федерацисының президенті Владимир Путин алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861321-aldymen-hat-zibergen-putin-nazarbaevpen-endi-telefon-arkyly-sjlesti/