Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басы мен екі қолы табылған жоқ": Оралда қайық турап кеткен әйелді жерлеу рәсімі өтті

Опубликовано:

Орал қаласындағы Шаған өзенінде моторлы қайық турап кетіп, соның салдарынан көз жұмған Екатерина Ананьеваны жақындары мен туыстары басы мен екі қолынсыз жерледі. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу шарасына жүзге жуық адам жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com және Видеодан кадр/КТК
Көрнекі фото: pixabay.com және Видеодан кадр/КТК: Instagram

Жерлеу рәсімі кеше 19 маусымда Орал қаласында өтті. Екатерина Ананьеваны ақтық сапарға шығарып салуға жүзге тарта жақындары, туыстары, достары, әріптестері жиналған.

Марқұмның жақындарының сөзінше, әйелдің дене мүшелері үш аптаға жуық уақыт іздестірілгенімен табылған жоқ.

Еске сала кетсек, Оралдағы Шаған өзенінен әйел адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім еткен.

"Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін іздестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған", - деді ол.

Ал көз жұмған Екатеринаның 19 жастағы баласы Роман оқиғаның қалай болғанын баяндап берген.Сол күні марқұм мен оның құрбысы саяжайға барыпты. Сонда жұмыс істеп болғаннан кейін екі әйел суға түскісі келген көрінеді.Романның сөзінше, анасының құрбысы шомылғысы келмеген, тек су беліне жеткен жерге дейін ғана барған. Ал Екатерина жағадан алыстау жерге жүзіп кеткет екен.

"Сол сәтте жарығы қосылмаған катер жүзіп өткен. Құрбысы айғайлап, жағаға шық деп қолын бұлғай бастайды. Сол уақытта қатты дауыс естілген. Құрбысы жақын маңда демалып жүрген адамдарды көмекке шақыра бастапты. Ақырында анамның бөлшектелген денесін қапқа салып өзеннен алып шықты. Ал катер бірден кетіп қалды", - деп қайғылы жағдайды суреттеді ол.

Марқұмның жалғыз ұлы қазіргі кезде анасының басы әлі табылмағанын, сол себепті оны жерлей алмай отырғанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861336-basy-men-eki-koly-tabylgan-zok-oralda-kajyk-turap-ketken-jeldi-zerleu-rsimi-tti/

pixel