Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді
Опубликовано:
Қазақстан Респуьликасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде мемлекеттік шекараны кесіп өту ережелері жаңарды. Енді ел азаматтары мен шетелдіктердің шекарадан өту тәртібі өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстан азаматтарына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға рұқсат берілген. Оған қоса, аталған елдердің азаматтарына біздің ел аумағына да кіруге болады.

Сонымен қатар, шетел азаматтары Қазақстанға кірерде ұстанатын талаптардың тізіміне де өзгеріс енгізілді.
Қазақстан аумағына кіру мен шығуға азаматтар мен шетелдіктердің тағы бірнеше тобына рұқсат етті.


Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашылатынын жазған болатынбыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.
Белгіленген кестеге сәйкес, бүгін Алматы халықаралық әуежайынан Стамбулға, Анталияға және Дубайға рейс ұшырылады. Елордалық Назарбаев әуежайында Нұр-Сұлтан - Станбул рейсі жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861375-kazakstanda-memlekettik-sekarany-kesip-tu-trtibine-zgerister-engizildi/