RU

Тағы 446 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17225-ке жетті

Өткен тәулікте тағы 446 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 17225-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 446 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17225-ке жетті
Фото: NUR.KZ: Original
"20 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласы - 66 (2,0%), Қарағанды ​​облысы - 61 (3,4%), Нұр-Сұлтан қаласы - 53 (1,7%), Шымкент қаласы - 32 (2,6%), Батыс Қазақстан облысы - 30 (2,7%), Шығыс Қазақстан облысы - 28 (7,6%), Солтүстік Қазақстан облысы - 26 (15,1%), Түркістан облысы - 23 (4,1%), Ақмола облысы - 22 (7,7%), Ақтөбе облысы - 20 (3,4%), Павлодар облысы - 20 (4,5%), Жамбыл облысы - 19 (3,3%), Атырау облысы - 16 (1,2%), Қостанай облысы - 14 (5,0%), Алматы облысы - 8 (1,4%), Қызылорда облысы - 8 (1,5%) коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,7 пайызды құрады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің басшыларымен онлайн-режимде кездесіп, коронавирус инфекциясына қатысты бірқатар маңызды нәрселерді талқылады. Қала басшысы кездесу соңында қандай шешімдер қабылданғанын мәлімдеген еді.

18 маусым күні Қазақстанның тұңғыш президені Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталды. Елбасының өзін қалай сезініп жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861392-tagy-446-zagdaj-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-17225-ke-zetti/