RU

Оралдағы ықшамаудан зәрнәжістік су астында қалды

Кәріздегі апат салдарынан Орал ықшам аудандарының бірін зәрнәжістік су басты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралдағы ықшамаудан зәрнәжістік су астында қалды
Фото: Sputnik/Алексей Мальгавко: UGC

Оқиға сенбі күні кешке Зачаганск шағын ауданында болды, деп хабарлайды "Мой город". Саратов тас жолында орналасқан "Д1000 мм" коллекторын кәріз су басты.

Лас судың көп мөлшері Әзірбайжан көшесін басқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сұйықтық аумақты кенеттен жайлай бастаған.

"Бұл қандай да бір қатты апат болуы мүмкін, өйткені көше мен арықтарды су басумен қатар, бақшамыз кәріз суына толып, су деңгейі тізеден келді. Гараж бен монша су астында қалғанына қарамастан, осының бәрі үйге кіріп кетеді деп қорқамыз",– деді Әзірбайжан көшесінің ашулы тұрғыны Татьяна Гаврилова.

Кейбір жерлерде үйлер мен аулаларды су басыпты. Жергілікті тұрғындар мүмкіндігінше кәріз суын тоқтатты. Құм толы дорбалар мен соруға арналған арнайы жабдықтар қолданылды.

Шағын ауданның әкімі Әділбек Қадыровтың айтуынша, коммуналдық қызметтер бұл мәселені шешіп жатыр. Сонымен қатар, басылымда хабарланғандай, 21 маусымда сағат таңертеңгі 11-ден бастап шағын ауданда су беру уақытша тоқтатылған. Жергілікті тұрғындарға бұл жағдай ескертілген. Сондай-ақ, кейбір мекенжайларға су жеткізуді қолға алған.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жаңбырдың салдарынан жолды су басып кеткені хабарланған болатын. Желі пайдаланушылары тасқынның суреттері мен видеоларын бөліскен еді. Кейін әкімдік жаңбырдың салдарымен қалай күресіп жатқанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861427-oraldagy-yksamaudan-zrnzistik-su-astynda-kaldy/