Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдық көрмедім": Елордалық дәрігер көз жасын тия алмады (видео)

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтан қалалық инфекция орталығы басшысының орынбасары, елорданың денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева медициналық орталықтағы ахуалды баяндап, көз жасына ерік берді. Дәрігер отыз жылға жуық қызметінде "мұндай сұмдықты" көрмегенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдық көрмедім": Елордалық дәрігер көз жасын тия алмады (видео)
Фото: Видеодан кадр/ "Хабар" сюжетінен: UGC

Дәрігермен сұхбатты және ауруханада түскен кадрларды "Хабар" телеарнасы жариялады.

Медицина қызметкерінің сөзінше, өзі және әріптестері бес айға жуық уақыт үйіне бармаған. Олар қаңтардың соңынан бастап үнемі жұмыста.

Атығаева орталық ашылғалы бері әрдайым тола болатынын айтып өтті. Стационарға келушілер 50 пайыздан кем болған кезі тіркелмеген.

Алайда, соңғы уақытта жағдайлары ауыр пациенттердің саны көбейген. Жансақтау бөлімі толуға жақын, көптеген пациентке оттегі қолдауын қажетсінеді. Шамамен барлығыда дерлік бір диагноз- "пневмония".

Осы орайда медицина қызметкері қарапайым халықтан өздерінің және жақындарының денсаулығына сақ болуды және жауапкершілік танытуды сұрап отыр.

"Мен 28 жыл жұмыс істедім, мұндай сұмдық көрмедім. Адамдар көп өліп жатыр. Мұның барлығы ешкім ештеңе ойламаған соң болып отыр. Көшеге шығады, қонаққа барады, бір-біріне жұқтырады. Бұл өте ауыр", - дейді ол.

Атығаеваның сөзінше, жағдай тым ауыр әрі қорқынышты болғандықтан, барлық ақ халатты күйзеліске қарсы дәрі-дәрмек қабылдайды.

" Бұл өте ауыр. 4 ай бойы осындай жағдайда жұмыс істеу-нағыз тозақ", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны күр өскенін, науқастарға ем жүргізетін ақ халаттылар да жетіспей жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861472-28-zyl-zmys-istep-mndaj-smdyk-krmedim-elordalyk-driger-kz-zasyn-tia-almady-video/