RU

Елде коронавирус белгілері жоқ тағы 964 адам анықталды

Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ тасушылардың саны 9809-ға жетті. Өткен тәулікте тағы 964 адамнан COVID-19 анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"2020 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 964 тасушы тіркелді. Олардың 63-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 80-і Алматы қаласынан, 86-ы Шымкент қаласынан, 42-і Ақмола облысынан, 19-ы Ақтөбе облысынан, 58-і Алматы облысынан, 137-і Атырау облысынан, 20-ы ШҚО-дан, 56-ы Жамбыл облысынан, 85-і БҚО-дан 140-ы Қарағанды облысынан, 23-і Қостанай облысынан, 17-і Қызылорда облысынан, 35-і Маңғыстау облысынан, 12-і Павлодар облысынан, 65-і СҚО-дан, 26-ы Түркістан облысынан", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сонымен қатар өткен тәулікте коронавируспен ауырған тағы 507 адам тіркелген. Сондай-ақ, 226 адам жазылып шығып, екі адам қайтыс болған.

Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, өңілерде эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуіне байланысты ведомствоаралық комиссия елімізде 20-21 маусым күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Мәселен кеше Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз және тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмыс істеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861478-koronavirus-belgileri-zok-tagy-964-adam-anyktaldy/