RU

Өзбекстанда тойға барған 12 адам мен қалыңдықтан коронавирус табылды

Ташкенттің Юнусабад ауданында әулет иесі екі баласына арнап төрт күнде екі той өткізген. Нәтижесінде оннан аса адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ podrobno.uz cайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанда тойға барған 12 адам мен қалыңдықтан коронавирус шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дүркіреп өткен салтанатты кеш нәтижесінде коронавирус инфекциясы 12 мейманда және қалыңдықтан табылған.

Одан бөлек, вирус анықталғандармен байланыста болған және тойға қатысқан жүздеген адам COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, үйге және стационарлық карантинге жатқызылған.

Аталған факті бойынша эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанның оңтүстік- шығысындағы Сурхандария облысы Музрабад ауданының тұрғындары 250 адамға той өткізіп, салтанатты кештен кейін барлық мейман карантинге жіберілгенін хабарлаған едік.

Облыс әкімшілігінің мәліметінше, бұл - Музрабад ауданындағы той осы тектес жалғыз іс-шара емес. Облыста санитарлық нормаларды сақтамай, салтанатты рәсімдер мен той өткізетін халық көп. Оларға қатысқан азаматтар бүгінде карантинде жатыр.

Сонымен қатар Өзбекстанда туған күн кешінен кейін 13 адамнан коронавирус анықталғанын жазған едік. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вирус жұқтырғандардың барлығы бір-біріне туыс болып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861479-zbekstanda-tojga-bargan-12-adam-men-kalydyktan-koronavirus-tabyldy/