RU

Қостанайда полицейді өлтірген азамат 19 жылға сотталды

22 маусымда Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полицей Дархан Базарбаевтың өліміне кінәлі Михаил Прокуратовқа үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайда полицейді өлтірген азамат 19 жылға сотталды
Фото: alau.kz: Getty Images

Басылым ақпарынша, сот Прокуратовқа 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Тобыл қаласындағы 102 пультіне Комсомольский көшесінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Полиция сержанты Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықовтан құралған полиция патрулі арыз берушілерден 28 жастағы бұрын сотталған Тобыл қаласының тұрғыны өз жанұясын өлтіремін деп қорқытып жатқанын біледі.

Азамат пышаққа жүгірген кезде оның ниетін түсінген туыстары ер адамды үйге қамап қойған. Осы уақытта полиция шақырып үлгерген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары отбасының қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жасап, бұзақыны ұстау кезінде Дархан Базарбаев пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған болатын. Ол 25 жаста еді.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861511-kostanajda-policejdi-ltirgen-azamat-19-zylga-sottaldy/