Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өзгерді

Жарияланған күні:

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерінің өзгергенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Original

Айта кетейік, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілген.

Бұл әлеуметтік төлем – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған.

Көмектің мөлшері бала санына тікелей байланысты. Мысалы, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жәрдемақы Қазақстанда 392 мың отбасына төленген.

Алайда, қолданыстағы ережелер әлеуметтік көмек алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтіргені белгілі болды. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алып келген.

"Аталмыш олқылықты жою үшін мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген", - делінген хабарламада.

Қазірге дейін еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің шемімімен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша 1092 істі бекіткен.

Бала санының өзгеруіне байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептелмек.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861515-elimizde-kpbalaly-otbasylarga-beriletin-zrdemaky-zgerdi/