Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-ның алғашқы күнінде шекті баллды неше талапкер жинай алмады

Опубликовано:

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҰБТ-ның алғашқы күні сынақ тапсырғандардың 30 пайыздан астамы шекті баллды жинай алмағанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"ҰБТ-ның бірінші күнгі қорытындысына келер болсақ, шекті балды жинағандардың саны 4 222 адамды құрайды. Бұл тест тапсырушылардың барлығының 68,3 пайызына тең. Ал шекті баллды жинай алмағандар - 1 964 тест тапсырушы, яғни 31,7 пайыз. 130 баллдан жоғары жинағандар - 39 түлек. Қазіргі таңда аппеляцияға өтініштер қабылданып жатыр", - деді ол.

Дидарбекованың сөзінше, жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық аппеляциялық комиссияға нақты шешім қабылдау үшін жолданады. Нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі.

Еске сала кетсек, осыған дейін ҰБТ-ның алғашқы күні 160 талапкер оқуға түсу мүмкіндігінен айырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861540-bt-ny-algasky-kninde-sekti-balldy-nese-talapker-zinaj-almady/

pixel