RU

Алматыдағы карантиндік блок-бекеттердің орнына эко-бекеттер қойылады

Карантин кезінде оңтүстік астанаға кіреберістерде тұрған блок-бекеттердің орнына жаңа экологиялық бекеттер қойылады. Бұл туралы бүгін онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ливинскаяның айтуынша, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін эко-бекеттер орнату, автокөліктердің газ шығарындыларын өлшеу үшін жылжымалы зертханаларды іске қосу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, велосипед жолақтарын 28 шақырымға ұлғайту және қоғамдық көлікке арналған жолақтарды көбейту көзделуде.

Сондай-ақ қалада уақытша жаяу жүргіншілер аймағын салу үшін кейбір көшелерді жабу жоспарланған. Аталған көшелермен тек қоғамдық көліктер мен арнайы көліктер ғана жүре алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның алты қаласында локдаун режимі енгізілгенін хабарлағанбыз.

Нақты айтқанда, Қостанай облысының алты қаласында локдаун (індетке байланысты білім беру, мемлекеттік және сауда-ойын-сауық ұйымдарының жаппай жабылуы), режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл режим 27-28 маусым аралығында (осы демалыс күндері) 00: 00-ден бастап Қостанай, Жітіқара, Рудный, Лисаковск, Тобыл және Арқалықта қолданыста болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861608-almatydagy-karantindik-blok-beketterdi-ornyna-eko-beketter-kojylady/