RU

Көліктегі бас санитар дәрігер: Шетелде жүргендер қазан айына дейін елге оралғаны абзал

Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов азаматтарға қазан айының басына дейін шетелден елге оралуға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Азаматтарға айтарым, шетелге шыққысы келіп жүргендер немесе шетелде жүргендер қазан айының басына дейін Қазақстанға оралғаны абзал. Бәріміз де аурудың өршу ықтималдығын күтіп отырмыз. Шетелде қалып қалмаса екен дейміз. Себебі күн суыған уақытта коронавирус жұқтыру фактілері жиілеуі мүмкін", - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Сондай-ақ, көліктегі бас санитар дәрігер отандастарымыздың бәрін санитария талаптары мен ережелерді сақтауға шақырды.

"Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтықты ұстану керек. Азаматтар көліктегі қауіпсіздік белбуі секілді маска тағып жүруі тиіс. Ережеге бағынбаса қиын. Халық мәселенің өзектілігін сезіне отырып, өзі үшін ғана емес, туған-туыстары, жақындары үшін жауапты екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Айта кетейік, бқған дейін еліміз 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жаңартатынын хабарлаған болатынбыз.

Мәселен 20 маусым күні Air Astana ұшуға шектеу қойылғалы бері алғаш рет шетелге рейс жасап, Алматыдан Антальяға 141 жолаушыны апарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861641-kliktegi-bas-sanitar-driger-setelde-zrgender-kazan-ajyna-dejin-elge-oralgany-abzal/