RU

Нұр-Сұлтанда суға батқан жас қызды құтқарған жігіттің өзі ажал құшты

Елордада Нұра өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарған ер адамның өзі көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда суға батқан жас қызды құтқарған жігіттің өзі ажал құшты
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

20 маусым, сенбі күні Нұр-Сұлтанның 9 тұрғыны Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына демалысқа барған.

Олар кешкі сағат сегіз кезінде Нұра өзенінің жағасына барып, тамақ дайындап, демалған көрінеді. 

"Таңғы сағат бес шамасында бір қыздың аяғы тайып кетіп, жартастан өзенге құлаған. Екі жігіт бірден суға секіріпті. Қыз аман қалды. Бірақ 29 жастағы астаналық азамат құтқару кезінде суға батып кетті", - деп мәлімдеді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.

Құтқарушылар бұл жер шомылуға арналмағанын атап өтті. Ауылға кіреберісте суға түсуге болмайтыны жазылған белгілер орнатылған.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 7 адам суға кетіп, 20 адам құтқарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861661-nr-sltanda-suga-batkan-zas-kyzdy-ktkargan-zigitti-zi-azal-ksty/