Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға: Иектегі маска сіздерді қорғамайды

Опубликовано:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қазақстандық бас санитар дәрігер қоғамдық орындарында мұрны мен аузын жабудың орнына масканы иегіне қойып жүретін адамдарға шүйлікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға: Иектегі маска сіздерді қорғамайды
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC

Санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы коронавирус ауруы өршуінің басты белгісі байланыстардың көбеюі екенін айтып отыр. Ол қазақстандықтарға қажетсіз байланысты тоқтатуды және басқа адамдардан 1 метр ара қашықтық сақтауды ұсынды.

"Кез келген жабық ғимаратта маска тағыңыздар. Біз масканы дұрыс емес таққандарды көріп жүрміз. Оларды иектеріне тағады. Құрметте қазақстандықтар, масканы иекке тағу сіздерді қорғамайды, ол бетіңізді толық жабуы тиіс" ,- деді санитар дәрігер.

Сондай-ақ, ол қол мен бетті ұстамай, гигиена сақтауға кеңес берді.

Айта кетейік, елорда мен екі мегаполис тұрғындары дәріханалардан вирусқа қарсы препараттар, парацетамол мен аспирин, арбидол сатып алып жатыр. Дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелеңнің соңы олардың жетіспеушілігіне әкелген. Қазір дәріханаларда аталған препараттарды табу мүмкін емес.

Фармацевтердің түсіндіруінше, олар қосымша дәрілерді толықтырып үлгермеген. 20 және 21 маусым күндері Қазақстанда демалыс болғандықтан, жеткізушілер тапсырыс қабылдамапты. Саудагерлер жақында дәрі-дәрмектерді әкелеміз деп уәде етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861689-bas-sanitar-driger-kazakstandyktarga-iektegi-maska-sizderdi-korgamajdy/

pixel