RU

Коронавирусты аллергиядан қалай ажыратуға болады: Инфекционист жауап берді

Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева аллергиясы коронавирустан қалай ажыратуға болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Коронавирусты аллергиядан қалай ажыратуға болады: Инфекционист жауап берді
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Инфекционист аллергия кезінде де, коронавирус жұқтырғанда да адамның мұрны бітеліп, тыныс алуы қиындайтынын айтады.

Алайда профессор бірден дүрбелеңге салынбай, адамдарға біраз уақыт өзін бақылауға кеңес берді.

"Коронавирусқа мұрынның бітелуі тән. Коронавирус – инфекциялық үдеріс, сол себепті дене қызуы көтеріліп, адамда әлсіздік пен басқа да ауру белгілері пайда болады. Мұрын бітеліп, адамда иіс сезу қабілеті жоғалады. Кофенің, әтірдің иісін сезбейді. Бұл симптомдар жұқпалы ауруларға тән", – деп түсіндірді Баешева.

Ал аллергия кезінде тыныс алу қиындап, мұрын бітеледі, алайда адам басқа қандай да бір өзгерісті байқамайды, өзін жақсы сезінеді.

"Егер адамда бұрын-соңды мұндай жағдай болса, ол аллергия екенін білу тиіс. Мысалы "жусан гүлдесе, аллергия басталады, мұрын бітеліп, дем ала алмаймын" дейді. Яғни, аллергия мен коронавирустың клиникалық көріністері бір-бірінен ерекшеленеді", – дейді Қазақстанның жетекші инфекционисі.

Айта кетейік, бұған дейін Динагүл Баешева елімізде коронавирусты емдеуге неліктен гидроксихлорохин қолданылатынын түсіндірген еді. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гидроксихлорохинді сынақтан өткізуді тоқтатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861817-koronavirusty-allergiadan-kalaj-azyratuga-bolady-infekcionist-zauap-berdi/