RU

Елде коронавирус белгілері жоқ тағы 1096 адам анықталды

Өткен тәулікте жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1096 тасушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Олардың 53-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 37-і Алматы қаласынан, 56-ы Шымкент қаласынан, 31-і Ақмола облысынан, 44- Ақтөбе облысынан, 81-і Алматы облысынан, 335-і Атырау облысынан, 61-і Шығыс Қазақстан облысынан, 40-ғы Жамбыл облысынан, 57-і Батыс Қазақстан облысынан, 102-іҚар ағанды облысынан, 17-і Қостанай облысынан, 24-і Қызылорда облысынан, 35-і Маңғыстау облысынан, 15-і Павлодар облысынан, 58-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 50-і Түркістан облысынан.

Осылайша елде коронавирус белгілері жоқ тасушылардың жалпы саны 11 721-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда коронавируспен ауырған тағы 504 адам анықталған.

Қазіргі уақытта жалпы статистика бойынша елімізде коронавирспен аурығандар саны 18765-ке жеткен. 11514 адам COVID-19-дан жазылып шықса, 134 пациент көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Алматы қаласы мен Ақмола облысында тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирус жұқтырған адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861859-elde-koronavirus-belgileri-zok-tagy-1096-adam-anyktaldy/