Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-ның үшінші күні: Ұпай бойынша ауыл баласынан әлі ешкім аса алмады

Опубликовано:

Ұлттық тестілеу орталығы үшінші күннің қорытындысын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

ҰБТ-ның үшінші күні: Ұпай бойынша ауыл баласынан әлі ешкім аса алмады
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ресми мәліметке сүйенсек, 24 маусым күні республика бойынша 11 247 талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

Олардың ішінде 7643 мектеп түлегі (68 проценті) шекті балды жинап шыққан.

Сонымен қатар, 251 талапкер тыйым салынған заттар үшін тестке кіре алмапты. 

Бұдан бөлек, 38 баланың дене қызуы көтерілгені анықталған. Енді олар ұлттық тестілеуді бөлек тапсыратын болады.

Ал 130 ұпайдан жоғары жинағандардың саны 12-ге жеткені анықталды. Бірақ олардың ішінде ҰБТ-ның бірінші күні 138 балл алған Абзал Әбдіманаптан ешкім жоғары жинамаған.

"Әзірше, 138 балл жинаған баладан ешкім аспады", - дейді орталық мамандары.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Теспе орта мектебінің түлегі 138 ұпай жинағаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861999-bt-ny-sinsi-kni-paj-bojynsa-auyl-balasynan-li-eskim-asa-almady/

pixel