RU

COVID-19: Елдегі ауру белгілері жоқ науқастар саны 13 мыңға жуықтады

Қазақстанда 2020 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус белгілері жоқ 956 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елде коронавирус белгілері жоқ тағы 956 тасымалдаушы тіркелді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 49

Алматы қаласында - 66

Шымкент қаласында - 30

Ақмола облысында - 46

Ақтөбе облысында - 44

Алматы облысында - 83

Атырау облысында - 128

Шығыс Қазақстан облысында - 29

Жамбыл облысында - 55

Батыс Қазақстан облысында - 60

Қарағанды облысында - 91

Қостанай облысында - 30

Қызылорда облысында - 48

Маңғыстау облысында - 40

Павлодар облысында - 24

Солтүстік Қазақстан облысында - 71

Түркістан облысында - 62.

Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда - 12677.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 19285-ге жетті.

Мемлекеттік комиссия арнайы штабының хабарлауынша, өсім 2,8%-ды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862057-covid-19-eldegi-auru-belgileri-zok-naukastar-sany-13-myga-zuyktady/