Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда емін-еркін жүрген арыстанға қатысты тың мәліметтер шықты

Опубликовано:

Ақтау қаласының маңында жүрген арыстанға қатысты тың деректер пайда болды. Жыртқыш бір жарым жаста деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: facebook/Сәкен Ділдахмет
Фото: facebook/Сәкен Ділдахмет: Instagram

Емін-еркін жүрген арыстанға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Оның сөзінше, бүгін сағат таңғы 05.30 шамасында жергілікті халықтан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

"Маңғыстау облысының полиция департаменті мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды қолға түсірді. Қазіргі уақытта арыстан "Қошқар Ата" елдімекенінде бақылауда", - деп жазды ол.

Жыртқыш шамамен 1-1,5 жаста, еркек. Африкалық арыстанның бір түрі. Түріне қарағанда үй арыстаны. Адамдардан қорықпайды.

"Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген. Оның иесін анықтап, құжаттар тексерілгеннен кейін ары қарай не болатыны шешіледі", - де"ді Сәкен Ділдахмет.

Еске сала кетсек бұған дейін полиция қызметкерлерінің Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862131-aktauda-emin-erkin-zrgen-arystanga-katysty-ty-mlimetter-sykty/

pixel