Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Келесі аптада коронавирус жұқтырғандар саны әлем бойынша 10 миллионнан асады

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі аптада әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны он миллионнан асатынын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, жер жаһанда індеттің екінші толқыны күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

ДДСҰ: Келесі аптада коронавирус жұқтырғандар саны әлем бойынша 10 миллион адамнан асады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ұйым директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, соңғы айда төрт миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

"Індеттің өрши түскен алғашқы айында он мыңдай жағдай тіркелді. Өткен айда төрт миллионға жуықтады. Келесі аптада он миллионға жетеді. Біз вакцинаны зерттеумен қатар адамдар өмірін сақтап қалуға талпынып жатырмыз. Соған қарамастан қауіпті індеттің тез таралуы қатты алаңдатады", - дейді ол.

Айта кету керек, Сovid-19 Латын Америкада өршіп тұр. Бразилияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 42 мың жағдайы тіркелген.

Ал Перудегі карантинге қарсы наразылық шараларына қатысушылар полицейлермен қақтығысып қалды. Олар ішерге ас таба алмай отырғандарын айтып, жұмысқа шығаруды талап етуде.

Бұл елде екі жүз алпыс мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталған. Сегіз мыңнан астамы көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері аталған елдердегі жағдай үшін алаңдаушылық білдіруде.

"Солтүстік және Оңтүстік Америкадан соң, енді ушыға бастаған Орталық және Латын Америкасында жағдай әлі өрлеу шыңына жеткен жоқ. Сондықтан алдағы аптада індет жұқтыратындар саны еселеніп, адам өлімінің артуына әкеп соғуы ықтимал", - дейді ДДСҰ төтенше жағдайлар бойынша бағдарламалар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан.

Карантин босаңси қалған соң Калифорния тұрғындары жаппай жағажайға асығып, мейрамханаларға  шоғырланған. Соның салдарынан соңғы екі күннің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 70 пайызға көбейген.

"Дүйсенбі күні COVID-19 жағдайының жаңадан 4230 дерегі тіркелді. Қазір шамамен 69 пайызға артты. Жеті мыңнан астам адам дегеніңіз Калифорния штаты үшін тым көп, рекордтық көрсеткіш. Бұл вируста шекара жоқ. Сақ болыңыздар. Қоғамнан оқшаулануды үйреніңіздер", - дейді Калифорнияның губернаторы Гэвин Ньюсом.

З. Санай

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еуропаның 30 елінде коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру жағдайлары қайтадан анықтала бастағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862218-dds-kelesi-aptada-koronavirus-zktyrgandar-sany-lem-bojynsa-10-millionnan-asady/

pixel