RU

Хабиб - Гэтжи жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен лиганың уақытша чемпионы Джастин Гэтжи арасындағы кездесудің қашан болатыны хабарланды. Бұл туралы ресейлік спортшының менеджері мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: fightnews.info
Фото: fightnews.info: Instagram

Али Абдель-Азиз Instargam әлеуметтік желісіндегі парақшасында қос спортшының арасындағы жекпе-жек UFC 253 турнирі аясында 19 қыркүйекте Абу-Дабиде өтетінін жеткізді.

Ресейлік чемпиондық белбеуін осы жарысты үшінші рет қорғамақ. Ал Гэтжи болса промоушеннің уақытша чемпионы болып табылады.

Хабиб UFC рейтингінде екінші орында тұр. Ол осыған дейін 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен және мансабында бірде бір рет жеңіліп көрмеген.

Еске сала кетсек, 10 мамырда UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы титулы сарапқа салынған кездесуде Тони Фергюсон жеңіліп қалды. Ол қарсыласы Джастин Гэтжиге бесінші раундта есе жіберген.

Спорт жанкүйерлері тағатсыздана күткен UFC 249 турнирі Джексонвиллде өтті.

Фергюсон кездесуді жоғары қарқында бастап, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундта есеп тең болды.

Қалған үш раунд бойы Джастин Гэтжи америкалық спортшыны соққының астына алып, нәтижесінде Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Осыдан кейін Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовты жекпе-жекке шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862239-habib---getzi-zekpe-zegini-kasan-tetini-belgili-boldy/