Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда демалыс күндеріне қатаң шетеулер енгізілді

Опубликовано:

Маңғыстау облысында алдағы демалыс күндері, яғни, 27 және 28 маусымда шектеулер енгізілді. Мұндай шешімді облыстың бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов қабылдады. Құжаттың мәтіні Маңғыстау облысы Қоғамдық байланыс орталығының Facebook-тегі ресми парағында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстауда демалыс күндеріне шетеулер енгізілді
Көрнекі фото: newtimes.kz: UGC

Өңір тұрғындары алдағы демалыс күндерін үйде өткізуге мәжбүр болады. Көптеген нысандар мен ұйымдар осы күні өз қызметін тоқтатады.

Саябақтар мен парктер, сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтары (алайда олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық болады), фитнес орталықтар, желі дүкендері, азық-түлік сататын және сатпайтын базарлар жұмыс істемейді.

Жергілікті курорттарға барып, шомылуға тыйым салынды. Ал сол жерде тұратын адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау міндеттеледі.

Мамандар тәптіп бұзушыларға қатысты шаралардың қолданылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 462 адам тіркелді, 351 адам аурудан айықты, ал 2 адам көз жұмды.

Сондай-ақ, өңірде пневмония өршуі байқалды. Дәрігерлер адамдардан абай болып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда да шектеу шаралары енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862298-magystauda-demalys-knderine-kata-seteuler-engizildi/

pixel