Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Ләззат Ақтаева. Фото: премьер-министрдің баспасөз қызметі: UGC

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақтаева Ләззат Мейрашқызы берген өтінішке сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

Ләззат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласындағы №3 перзентханада акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары ол Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы ақпанда Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігінде кадрлық өзгерістер болды.

Еске салсақ, Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған еді.

Белгілі болғандай, экс-министр денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өзі өтініш жазған.

Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалды.

Айта кету керек, бүгін қызметінен кеткен Ақтаеваның орнына Ажар Ғиният денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862307-lzzat-aktaeva-densaulyk-saktau-vice-ministri-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel