"Бала-шаға, күйеуі қалды": Сұлтанқызының жеңгесі пневмониядан қайтыс болған
Опубликовано:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Созақта тұратын жеңгесі пневомониядан қайтыс болғанын хабарлады. Ақпарат өкілі карантин салдарынан оның жаназасына бара алмай, не көңіл айта алмай отырғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қаралы хабарды Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында жеткізген. Ол жеңгесінің артында бала-шағасы мен күйеуі қалғанын айтты.
"Пневмония, вирус, қорқыныш. Өткен аптадан бері өзін-өзі оқшаулаудамын. ПЦР тест теріс болып шықты. Шүкір.
Бүгін Созақта бір жеңгем пневмониядан қайтыс болды. Жаны жаннаттық болсын, жап-жас еді. Артында бала-шағасы, ауруханада күйеуі қалды. Не бара алмайсың, не көңіл айта алмайсың, тек телефон арқылы болмаса.
Қазір екінің бірі ауырып жатыр. Дұрыс тамақтанасың ба, спортиксың ба, ішесің бе, шегесің бе, вирус ештеңеге қарамайды. Симптомсыз болсаң да, 30% өкпең жарамсыз болса да, үйде емделесің.
Орын жоқ. Бүгіннің күйі осы. Көп нәрсеге дайын емес екенбіз, министрдің де аяқ асты ауысатыны сияқты. Бұл жағдайда дәрігерлер бастысы «үрейге бой алдырмау» дейді.
Қарап отырсаң, вирус емес адамды бір жағынан ауру қылатын – қорқыныш. "Басым ауырған сияқты, тәбетім жоқ сияқты, жұқты-ау" деген үрей" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862339-bala-saga-kjeui-kaldy-sltankyzyny-zegesi-pnevmoniadan-kajtys-bolgan/