RU

"Сыртта сағаттап күтуге мәжбүр": Шымкент ауруханаларында орын жетіспей жатыр

Шымкент қаласында сырқаттанғандардың көптігі сонша ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті шаһардағы жаңадан ашылған жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты. Соның салдарынан науқастар жедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Ал жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жайдайды аурудың бір өршіп, бір түсуімен байланыстырып отыр.

"Орын болмағанның есебінен біз ішке жібере алмай жатырмыз науқастарды. Ол модульды госпитальда барлығы есептелген коронавируспен таңертеңгі біздің информация бойынша -109 науқас жатыр. Қалғандарының бәрі ОРВИ пневманиямен жатыр қазір. Реанимация бөлімшесінде 19 науқас жатыр", - деді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.

Автор: А. Төребекқызы

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма мыңнан астам адамнан анықталды. Олардың 1598-і Шымкент қаласында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862404-syrtta-sagattap-ktuge-mzbr-symkent-auruhanalarynda-oryn-zetispej-zatyr/