Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу қашан өтеді
Опубликовано:
Қазақстандық спортшы Геннадий Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатын белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский қос боксшы арасындағы жекпе-жек қазан немесе қараша айына жоспарланғанын мәлімдеді.
Дәлірек айтсақ, қазанның екінші немесе үшінші сенбісі немесе қарашаның алғашқы сенбісі.
Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжамға жүгінсек, спортшылардың кездесуі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық "Синко де майо" мерекесіне орай өтеді.
Еске сала кетсек, осыған дейін орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына кіргенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862493-genadij-golovkin-men-saul-alvares-arasyndagy-sinsi-kezdesu-kasan-tedi/