Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалдының әкесі 91 жасқа қараған шағында өмірден озды

Опубликовано:

Отандық танымал актер, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, продюсер Азамат Сатыбалдының әкесі қайтыс болды. Абыз ақсақал 91 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

азааа
Фото: instagram; коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Қаралы хабарды актердің өзі басқаратын Мүсірепов театрының ұжымы жеткізді.

"Театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актеры Азамат Сатыбалдының 91 жастағы асқар таудай ардақты әкесі - Сатыбалды ақсақал дүниеден озды.

10 баланы өсіріп-жетілдіріп, өнегелі үлгісімен аймағына, ағайынға сыйлы болған, әулетінің дәулетін асырып, немере-шөбере көрген абыз жанның пәнилік өмірі ғұмыр-дастанға бергісіз...

Атамыздың бақилық - мәңгілік жолы ендігі жерде, Азамат сынды өнер мен мәдениетімізге зор үлес қосып жүрген азамат ұрпағымен жалғаса бермек... Марқұм қарияның жаны жәннаттық, рухы шат болып, нұры пейіште шалқысын!", - деп жазды театр парақшасы.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Азамат Сатыбалдының жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862521-azamat-satybaldyny-kesi-91-zaska-karagan-sagynda-mirden-ozdy/

pixel