Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақымақ емеспін ғой": Лукашенко Белоруссияда науқастар саны азайғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Беларусь президенті коронавирус инфекциясымен күресуде өзі таңдаған жолының нәтижелеріне көңілі толатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен ақымақ емеспін ғой": Лукашенко Беларуссиядағы ауру жұқтырғандар саны азайғанын мәлімдеді
Александр Лукашенко. Фото: Sputnik: UGC

ТАСС-тың хабарлауынша, жақында Александр Лукашенко азаматтардың сенімін ақтағанын мәлімдеді, өйткені ол коронавируспен күресудің өзіндік тиімді әдісін таңдапты.

Мұндай сөздердің негізі статистикамен сай келген: Белоруссияда ауру жұқтырғандар саны бұрынғыдай қарқынмен өсіп жатқан жоқ.

"Президент ретінде есім шығып, үш ай бойы COVID-19 жағдайы не болып жатқанына алаңдадым. Мен ақымақ емеспін ғой, мен әлемде бір ғана ел осы вирусқа қарсы күресте ерекше жол таңдағанын түсінемін. Індетті жеңу алда-жалда қолымыздан келмесе, бірден мені кінәлайтындарыңыз анық. Оңай-қиын деп ойларсыз, бірақ біз жеңдік",– деді Александр Лукашенко.

Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау туралы да сөз етті. Оның айтуынша, вакцина жасауға тырысып жатқан елдегілер, шын мәнінде, тек өзімшілдік мүдделерін көздейді және триллион доллар үшін күресіп жүр.

Беларусь елінде коронавирустың ошақтарын тазарту жүріп жатыр. Президент қатаң карантин мен коменданттық сағат енгізуді міндеттемеді.

Еске сала кетсек, Беларусь президенті Александр Лукашенко барлық елдерді коронавирус пандемиясына қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862534-akymak-emespin-goj-lukasenko-belarussiada-naukastar-sany-azajganyn-mlimdedi/

pixel