Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады
Опубликовано:
Қазақстандықтар осы жылы шілде айында неше күн демалатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ел тұрғындары жаздың екінші айында 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.
Себебі 6 шілде, елорда күні дүйсенбіге тура келгендіктен, қатарынан үш күн демалыс болмақ. Сонымен қатар, Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. Осылайша, шілденің соңында да қазақстандықтарды қатарынан үш күн демалыс күтеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Анталияға барған отандастар арасынан коронавирус анықталғанын хабарлады.
"Түрік жағалауына келгеннен кейін қазақстандық туристердің дене қызуын өлшейді. Егер дене қызуы 37-38 градустан жоғары болса туристер коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтеді. Одан кейін диагноз расталса, оларды ауруханаға немесе жағдайы қанағаттанарлық болса өзін-өзі оқшаулауға жібереді. Анталияда аурухана жеткілікті, шамамен 18 емхана бар. Алайда туристер денсаулығын қадағалап отыруы керек", - деді ол.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862540-silde-ajynda-kazakstandyktar-nese-kn-demalady/