Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

Опубликовано:

Биыл "Хабар" агенттігінің құрамына жаңа телеарна қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook
"Қазіргі уақытта "Абай ТВ" және "әл-Фараби" сынды екі жаңа телеарнаны ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Абай ТВ" телеарнасы ертеңнен бастап ашылады. Ол 30 маусымда "Қазақстан" ТРК телеотбасының құрамына қосылады", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, бұл телеарна ұлттық мәдениетке арналмақ.

"Ал екінші тележоба – "әл-Фараби" телеарнасы. "Хабар" агенттігінің құрамына қосылатын бұл телеарна оқу жылының басында ашылады. Ол білім беруге арналған жаңа телевизиялық платформа болмақ. Оның аудиториясы 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер болады. Мұндай телеарнаның қажеттілігі әсіресе пандемия кезінде туындады", - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік даталардың қатары Абай күнімен толықтырылған қаулының жобасын жариялады.

Абай Құнанбайұылының күнін ақынның туған күні – 10 тамызда атап өту ұсынылған. Қаулының жобасы 13 шілдеге дейін талқыланбақ.

Жобаны сілтемеге өтіп, көрсе болады. Жоба "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" туралың заңның 4-бабына сәйкес әзірленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862586-kazakstanda-eki-zaa-telearna-asylady/